2025 жылдың 8 сәуірінде АЛТ Университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын?» атты студенттер арасындағы зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, оның шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру және ұлт руханиятына терең бойлату.Іс-шараны ұйымдастыруға кафедра оқытушылары Канагатов М.К., Шугаева Б.С., Курманбаева Л.Т. белсене атсалысты.Викторинаға әр түрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 5 команда қатысып, Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты білімдерін сынады. Қатысушылар ақынның терең ойлы өлеңдеріне, қара сөздеріне сүйене отырып өз ойларын дәлелдей білді. Сайыс нәтижесінде үздік шыққан студенттер арнайы марапаттармен марапатталды.