2026 жылғы 5 наурызда, сағат 11:00-де, М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде (Коворкинг, 1-қабат, Шевченко 97) «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу: тиімді стратегиялар» тақырыбында практикалық семинар өткізілді.
Іс-шараны Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі ұйымдастырды.
Семинарға институттардың эдвайзерлері қатысты:
Аябекқызы Ш., Болатахан М., Аманжолова А., Қанат З., Бейсенова Ш., Дариябаева Д., Жазылбек А., Қосбай З., Бақтыбаева А., Бекболатқызы Қ., Жандос Ж., Қуаныш Д., Мұратбек Т.
Семинарға арнайы спикер ретінде №7 қалалық емханасының «Ақ-Жол» жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Маринец Р.В. қатысты.
Іс-шара барысында эдвайзерлерге студенттер арасында кездесетін аутодеструктивті мінез-құлықтың, соның ішінде селфхармның алдын алу және дағдарыстық жағдайларда дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
Семинар барысында қарастырылған мәселелер
- селфхармның негізгі түрлері мен көріністері
- эмоционалдық күйзеліс, травматикалық тәжірибе және психикалық бұзылыстардың ықпалы
- студенттердегі қауіп факторларын ерте анықтау
- дағдарыстық жағдайларда эдвайзерлердің дұрыс әрекет ету алгоритмдері
- студенттерге психологиялық қолдау көрсету тәсілдері
Қатысушыларға рөлдік ойындар, талдау және практикалық жағдайлар арқылы студенттерге қолдау көрсету дағдылары үйретілді.
Тұрақты даму мақсаттарына үлес
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:
ЦУР 3 – Салауатты өмір және әл-ауқат
студенттердің психикалық денсаулығын сақтау және суицидтік тәуекелдердің алдын алу.
ЦУР 4 – Сапалы білім беру
оқу ортасында қауіпсіз психологиялық атмосфера қалыптастыру.
ЦУР 10 – Теңсіздікті азайту
психологиялық қолдау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру.
ALT университеті студенттердің психологиялық қауіпсіздігін, әл-ауқатын және қолдау жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.


