Select Page

2025 жылғы 12 қыркүйекте ALT Университетінде (№3 СҮ, Мәуленов көшесі, 112) жастардың эмоционалды тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында мінез-құлықтың салауатты стратегияларын қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған екі тренинг өтті.

Тренингтерді екі маман-психолог жүргізді: ALT Университетінің психологы Шабденова Дария Рахимәлиевна және колледжден шақырылған психолог Әлдибек Айгерім Талғатқызы. Мұндай ынтымақтастық форматы екі білім беру ұйымының тәжірибесі мен кәсіби тәсілдерін біріктіруге мүмкіндік берді.

📌 1-тренинг «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, көшбасшылық, тиімді коммуникация» тақырыбына арналды. Қатысушылар көшбасшылық әлеуетті дамыту, конструктивті қарым-қатынас орнату және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар алды.

📌 2-тренинг «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, команда құру, стресс-менеджмент» бағыты бойынша өтті. Студенттер эмоционалды тұрақтылықты нығайтудың әдістерімен, стрессті басқару техникасымен танысты, сондай-ақ командалық өзара әрекеттестікті дамытуға арналған интерактивті жаттығуларға қатысты.

2025 жылғы 15 қыркүйекте №2 СҮ-де (Мәуленов көшесі, 110) көшбасшылық құзыреттерді дамыту және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша тренингтер жалғасын тапты.

Қорытынды: студенттер психологиялық тұрақтылықты нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және салауатты студенттік ортаны қалыптастыруға ықпал ететін құнды білім мен дағдыларға ие болды.

Skip to content
Приемная комиссия