26.11.2025 ж. «Сәулет және құрылыс инженериясы» кафедрасының ALT қауымдастырылған профессоры Т.М. Дюсенгалиеваның ұйымдастыруымен, «Автомобиль жолдары және аэродромдар» білім бағдарламасында оқитын білім алушыларға «Сәулет SKB» ЖШС директоры Ошанов А.Е. «Автомобиль жолдарын жобалаудағы инновациялық шешімдер мен ерекшеліктер» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Дәріс барысында Ошанов А.Е. автомобиль жолдарын жобалаудың қазіргі заманғы әдістері мен техникасы туралы егжей-тегжейлі баяндап, жол салудағы инновациялық технологиялар мен оларды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, лекцияда жобалау кезеңдеріндегі тиімді шешімдер, жол инфрақұрылымын дамытудағы жаңа материалдар мен құрылыс тәсілдері туралы ақпараттар берілді.
Ошанов А.Е. қонақ дәрісінде студенттермен белсенді сұхбат жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Бұл дәріс студенттер үшін аса маңызды болды, себебі ол болашақ мамандардың жол құрылысындағы соңғы тенденциялар мен жетістіктер туралы терең білім алуларына мүмкіндік берді. Сондай-ақ, дәріс барысында нақты жобаларды мысалға ала отырып, жобалау жұмыстарының қиындықтары мен оларды шешу жолдары талқыланды. Бұдан бөлек, дәріс барысында жол салудағы экологиялық және экономикалық аспектілерге ерекше көңіл бөлінді. Автомобиль жолдарын жобалауда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергия үнемдеуші технологияларды қолдану, сондай-ақ экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында заманауи жобалау құралдарын пайдалану мәселелері қарастырылды.
Қонақ дәрісі студенттер мен оқытушылардың жоғары бағасына ие болып, болашақ мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға үлкен ықпал етті.


