9 желтоқсанда ALT Университетінде «Автомобильдерді сервистік қызмет көрсету» тақырыбында қонақ лекция өтті.
Лекцияны Doscar Group компаниясының сервис бөлімі басшысы Васильев А. жүргізді.
Іс-шара ППС пен 4 курс студенттеріне арналды және үлкен қызығушылық тудырды. Студенттер тек техникалық қызмет көрсету тақырыбы бойынша ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, саланың жас мамандарға қоятын талаптары бойынша да көптеген сұрақтар қойды. Сарапшыға пайдалы тәжірибесі, практикалық кеңестері және ашық диалог үшін алғыс білдіреміз!
Мұндай кездесулер студенттердің болашақ мамандығын жақсы түсінуіне және автомобиль индустриясының нақты талаптарын білуіне көмектеседі.


