Select Page

2021 жылдың 24 қарашасында «Тілдік дайындық» кафедра меңгерушісі Ф. И. Смаилованың жетекшілігімен кафедра оқытушылары:  Қаламбаева Г.А., Мусабаева З.Т.,  Махамбетова С.К.  «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары», «Алаш-свет свободы» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға «Көлік инженериясы» институтының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – Г.Н.Мусин, әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі департамент директорының орынбасары – Г.Ж.Асильбекова, «Тілдік дайындық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Студенттер бұл іс-шарада  ерекше белсенділік танытты. Ұйымдастырушылар дайындаған материалдар студенттердің кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялылары туралы білімдерін толықтырды.  Бұл тәрбиелік іс – шараның мақсаты – туған ел тарихының объективті құбылысына қызығушылықты ояту.

Приемная комиссия