Тағы да жеңіс!
Университетіміздің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру» кафедрасының қызметкері Баймұханбетов Бақытбек Қуандықұлын ардагерлер арасындағы қолма-қол ұрыс бойынша Әлем кубогында жүлделі І орынға ие болып, тамаша жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің қайсарлығыңыз, рухани беріктігіңіз бен шеберлігіңіз осы лайықты жеңістің кепілі болды. Сіз нағыз чемпион үшін жастың кедергі емес екенін, ерік-жігер мен табанды жаттығулардың кез келген шекараны жеңе алатынын дәлелдедіңіз.
Бұл жеңіс тек команда үшін ғана емес, бүкіл университет қауымдастығы үшін де үлкен мәртебе! Сіздің жеңісіңіз – кәсібилігіңіздің, шыдамдылығыңыздың және нағыз спорттық шеберлігіңіздің айқын дәлелі. Сіз көк байрағымызды халықаралық аренада желбіретіп, ALT университетінің абыройын асқақтатудасыз.
ALT университетінің әкімшілігі мен қызметкерлері