Қыркүйек айының 17-шы жұлдызы «Студенттік Үкіметтің» арнайы ұйымдастыруымен, М.Тынышбаев атындағы ALT универсиетінің арнайы 1-ші курс студенттеріне «Балмұздақ PARTY» атты үлкен деңгейде іс-шара өткізілді. Жалпы мерекелік кештің өткізілу мақсаты жан-жақтан келген студенттерімізді, студенттік өмірге деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар Университетіміздің 1-курс студенттерін бейресми қарсы алу мақсатында.
Мерекелік кеш ерекше «SHULAMAH» стилінде өтті. Кешті Ансаған Садирханов жүргізіп, Teddyalish. Kilemger, SHULAMAH тобының әншілері және 16 Group тобы сол кеште өнерлерін көрсетті. Ең қызығы кештің «Ең үздік стиль» атанған 2 студентке «BASQA» дүкенінен сертификат берілді.
Іс-шараға 1500-ға жуық студент қатысты. Кеш естен кетпестей өтті, студенттерге ұнады және көңілдерінен шықты.