Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатын — «Сапалы білім беруді» іске асыру аясында 2026 жылғы 12 қарашада Академиялық саясат және сапа департаменті Педагогикалық шеберлік және инновациялар орталығының қатысушылары үшін «Белсенді оқыту әдістері: білім алушыларды оқу үдерісіне қалай тартуға болады?» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты — жас оқытушылардың білім алушылардың ынтасын арттыруға және оларды білім беру үдерісіне белсенді тартуға бағытталған заманауи оқыту әдістерін қолдану саласындағы кәсіби құзыреттерін жетілдіру.
Семинар барысында қатысушылар белсенді оқыту әдістері мен олардың тиімділігін қарастырды, оқу ынтасын арттыру жолдарын, сондай-ақ сабақтарда инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Педагогикалық шеберлік және инновациялар орталығының жетекшісі Нұрахметова К.К. кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдану бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Семинар кәсіби пікір алмасу мен тәжірибе бөлісуге арналған мазмұнды алаңға айналып, жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға және тиімді білім беру тәжірибелерін енгізуге ықпал етті.
Автор: Джумағазиева А. Д.


