Select Page

ALT University Компьютерлік ғылымдар департаментінің студенттері Нұрдәулет Мықтыбай, Асыл Ишан және Мақсат Аскер BESEU командасының құрамында AI in Engineering Hackathon 2026 байқауының «AI for Green Technologies and Health Care» бағыты бойынша бірінші орын алды.

Хакатон 2026 жылғы 20–21 қарашада Алматы қаласындағы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) өтті. Іс-шара жасанды интеллектіні инженерияда, экономикада, білім беру ортасында, экологиялық және денсаулық сақтау міндеттерін шешуде қолдануға арналды.

Хакатон бағдарламасына серіктес компаниялардың практикалық тапсырмаларымен жұмыс істеу, тәлімгерлерден кеңес алу және қазылар алқасының алдында жобаларды қорғау кірді. Командалар шешімдердің архитектурасы мен прототиптерін әзірлеп, жұмыс нәтижелерін таныстырды және сарапшылардың сұрақтарына жауап берді.

Команда экологиялық мәселелерді шешуге және тұрақты технологияларды дамытуға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі жобаны ұсынды. Студенттердің жетістігі бірінші орын дипломымен және қатысу сертификатымен расталды. Сондай-ақ командаға AI Startify сервистерін пайдалануға арналған 100 АҚШ доллары көлеміндегі кредит сертификаты табысталды.

Мұндай байқауларға қатысу студенттерге бағдарламалау мен жасанды интеллект саласындағы білімдерін қолдануға, командалық жұмыс және жобаны таныстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Іс-шара тақырыбы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда 4-ТДМ «Сапалы білім» және 9-ТДМ «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарына сәйкес келеді. Хакатон студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және технологиялық шешімдер әзірлеуге жағдай жасайды.

Нұрдәулетті, Асылды және Мақсатты жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа идеялар, табысты жобалар және алдағы байқауларда сәттілік тілейміз!

Автор: Өмірбекова З. М.

Skip to content
Приемная комиссия