«Автокөлік құралдары және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының
оқытушысы Бимагамбетова Лалита Нұрманқызы эдвайзер-кураторлар үшін Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша оқыту-әдістемелік күнін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар ТДМ ұғымымен және оның негізгі бағыттарымен танысты:
🔹 Әлеуметтік мақсаттар (1–6):
кедейлікті жою, аштықпен күрес, теңсіздікті азайту, денсаулық сақтау мен білім сапасын жақсарту.
🔹 Экономикалық мақсаттар (7–12):
тұрақты энергияға қолжетімділік, экономикалық өсуге жәрдемдесу, инновацияларды дамыту, жауапты тұтыну мен өндіріс мәдениетін қалыптастыру.
🔹 Экологиялық мақсаттар (13–17):
климаттық шаралар қабылдау, жер мен су экожүйелерін қорғау, тұрақты болашақ үшін жаһандық серіктестікті дамыту.
Лалита Нұрманқызы атап өткендей, ТДМ – бұл жай ғана декларация емес, нақты іс-қимыл жоспары, оның жүзеге асуына әрбір адамның қатысуы маңызды.
🧭 Эдвайзерлердің рөлі бұл процесте аса маңызды: олар студенттерге тұрақты даму идеяларын жеткізетін негізгі көшбасшылар бола алады — ақпарат беру, бастамаларға қатысу және күнделікті тәрбиелік жұмыстары арқылы.
📌 Кездесудің қорытындысы:
Эдвайзерлер алған білімдерін студенттермен жұмыс барысында қолданып, жауапкершілігі жоғары, саналы ұрпақ қалыптастыруға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.