2026 жылғы 05 наурызда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының студенттері, оқытушы Махашева Н.А.-ның жетекшілігімен ЖШС QazAlPack алюминий зауытына танымдық экскурсия жасады. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты — “Тұрақты даму шеңберіндегі серіктестік” аясында ұйымдастырылып, білім беру ұйымдары мен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
«QazAlPack» – Орталық Азия аумағындағы қуаттылығы жылына 750 миллион данаға дейінгі сусындарға арналған алюминий банкалар мен қақпақтардың жиынтықтарын шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Экскурсия барысында зауыт мамандары кәсіпорынның негізгі қызметі, алюминий өнімдерін өндіру технологиясы және өндіріс процесінде қолданылатын заманауи ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған басқару құралдары туралы кеңінен мәлімет берді. Студенттер өндіріс алаңдарын аралап, өндірістік процестердің цифрландырылуы, ақпараттық технологиялардың өндірісті басқарудағы рөлі, еңбек қауіпсіздігі талаптары және кәсіпорындағы жұмыс ұйымдастыру жүйесімен танысты.
Болашақта «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттердің осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтуі жоспарлануда.


