Select Page

2026 жылғы 26 ақпанда кафедрада «Оқу үдерісіне МООК енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жаппай ашық онлайн-курстарды (МООК) білім беру бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндіктерін және олардың білім алушыларды даярлау сапасын арттырудағы рөлін талқылауға бағытталды.

Баяндамашы — «Жалпы инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры К.А. Бейсенбаева. Ол өз сөзінде МООК енгізу Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл бастама баршаға инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған ТДМ 4 «Сапалы білім» мақсатына толық сәйкес келеді.

Баяндамада оқу үдерісінде МООК қолданудың негізгі артықшылықтары көрсетілді:

  • Заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейту;

  • Жетекші университеттердің курстарын білім беру бағдарламаларына енгізу;

  • Студенттердің жеке білім беру траекторияларын қалыптастыру;

  • Цифрлық құзыреттер мен өзіндік оқу дағдыларын дамыту;

  • Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру.

Онлайн-курстарды меңгеру барысында студенттерге әдістемелік қолдау көрсету, оқу нәтижелерін тану және қайта есептеу тетіктеріне, сондай-ақ МООК мазмұнының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Skip to content
Приемная комиссия