Select Page

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының ғылыми-педагогикалық бағытындағы 1-курс докторанттары педагогикалық практика аясында ALT University-дің КЦС-23-1к тобының 3-курс студенттеріне Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің орталық музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында студенттер Қазақстандағы теміржол көлігінің даму тарихымен танысып, паровоздар мен вагондардың сирек үлгілерін көрді. Сонымен қатар, теміржолшылардың ел экономикасына қосқан зор үлесі туралы маңызды мәліметтер алды.

Мұндай білім беру шаралары болашақ мамандардың дүниетанымын кеңейтіп, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Экскурсия кәсіби даярлықтағы пәнаралық тәсілдің маңыздылығын көрсетті.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді:

  • ТДМ 4 — Сапалы білім

  • ТДМ 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым

Skip to content
Приемная комиссия