Select Page

09.02.2026 ж. Көлік құрылысы кафедрасында 3 магистранттың магистрлік диссертацияларын қорғауы жоғары деңгейде өтті. 

Бұл күн – білімге деген ұмтылыс, табандылық пен үздіксіз еңбектің айқын көрінісі, бірнеше жылдық тынымсыз еңбектің, ғылыми ізденіс пен жауапкершіліктің нәтижесі.

Қорғау барысында магистранттар өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігін жан-жақты ашып, теориялық және практикалық дайындықтарының жоғары екенін көрсетті.

Комиссия мүшелері жұмыстардың мазмұнына, ғылыми жаңалығына және ұсынылған нәтижелерге оң бағасын берді.

Магистранттарды диссертация қорғауын сәтті аяқтауларымен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және кәсіби қызметтеріне мол табыс тілейміз.

Skip to content
Приемная комиссия