Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті көлік және машина жасау салаларындағы жетекші кәсіпорындармен серіктестік байланыстарын нығайтуды жалғастыруда. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – теміржол жылжымалы құрамын өндіру және сервистік қызмет көрсету саласындағы заманауи кәсіпорын Штадлер Казахстан компаниясымен ынтымақтастықты дамыту болды.
Серіктестік аясында тараптар заманауи теміржол өнеркәсібінің талаптарына жауап бере алатын және өндірістік процестерге озық технологияларды енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау үшін күш біріктіреді.
Ынтымақтастық шеңберінде университет оқытушылары мен кәсіпорын мамандары арасында тәжірибе алмасуға, саланың қазіргі талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, сондай-ақ болашақ инженерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылады.
ALT университеті білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы тиімді өзара іс-қимыл экожүйесін қалыптастыра отырып, Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары және халықаралық компаниялармен серіктестікті жүйелі түрде дамытып келеді. Штадлер Казахстан компаниясымен әріптестік көлік және машина жасау салалары үшін сұранысқа ие жаңа буын инженерлерін даярлауға елеулі үлес қосып, инновацияларды дамытуға және инженерлік білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


