М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті мен «КНАУФ» компаниясы құрылыс саласы мен құрылыс материалдарын өндірудің білім беру және инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған оқу орталығы мен компьютерлік сынып құру жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыруда.
2025 жылғы 19 желтоқсанда университеттің оқу аудиторияларында «КНАУФ» компаниясының технологиялары мен озық шешімдерін көрсететін ақпараттық стендтер орнатылып, сондай-ақ құрылыс материалдарына қатысты пәндер бойынша оқу құралдары, әдістемелік материалдар мен сызбалар табысталды.
Жоба ТДМ № 9 — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» аясында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі бағыты — инженерлік кадрларды практикаға бағдарланған даярлау.
М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті «КНАУФ» компаниясына алғыс білдіре отырып, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру салалары үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін білдіреді.


