Бүгін, яғни сәуірдің 17-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің Көлік және құрылыс институтына «Саулет-SKB» ЖШС мекемесінің директоры Ошанов Алмаз келіп өскелең ұрпаққа жол саласының жаңалықтарымен бөлісті. Соңғы жылдардағы Өзі басқарып отырған «Саулет-SKB» мекемесінде жобаланған Алматы-Астана күре жолына салынған күрделі инженерлік құрылыс Шамалған елді мекенінен айналып өтетін және темір жол торабынан эстакада арқылы өтіп жатқан жол бөлігімен таныстырды.
Бұл жол торабы қазіргі таңда қарқындылығы жоғары автомобиль жол бөлігінде талапқа сай жұмыс атқарып тұрғандығы туралы баяндады. Кездесу соңында, Өзі білім алған «Саулет және құрылыс инженериясы» кафедрасына қарасты жабдықталған заманауи оқу зертханасына Жол өтпе және эстакада құрылысының заманауи макетін сыйға тартты.