2025 жылдың 23 желтоқсанында «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында «Бірігіп көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасайық» атты игі істер челленджін өткізді.
Шараның басты мақсаты — әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Осы бастама аясында Алмалы ауданының көпбалалы үш отбасы арнайы шақырылып, оларға кафедра ұжымы өз еркімен жинаған қаражатына дайындалған азық-түлік себеттері табысталды. Кафедра оқытушылары отбасыларға жылы лебіздерін білдіріп, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізеді.


