Select Page

М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің СУЛ-26-1 тобының 1-курс студенті Бейбарыс Қабдықалым спортта үлкен жетістіктерге жетті. Ол 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Абай облысының дзюдо чемпионатында 73 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар, Бейбарыс 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Кубогында жүлдегерлер қатарынан көрініп, ІІІ орынға ие болды.

Бұл спорттық жетістік БҰҰ-ның №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруды және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды айқын көрсетеді. Студентімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда тек биік белестерді бағындыруды тілейміз! ALT Университеті сізбен мақтанады!

Автор: Баянбаева Ш. С.

Skip to content
Приемная комиссия