2026 жылғы 27 ақпанда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері М.Ж. Құндақова мен Л.Т. Құрманбаеваның ұйымдастыруымен «Болашақ бағдарламасының маңызды аспектілері мен шолуы» тақырыбында семинар өтті.
Кафедрааралық деңгейде өткен шараға «Language Education», «Жалпы инженерия», «Көлік қызметтері және бизнес» кафедраларының және Логистика және бизнес институтының қызметкерлері қатысып, өзара ақпарат алмасты.
Семинар барысында «Болашақ» бағдарламасының жаңа талаптары таныстырылып, оларға сараптама жасалды. Спикерлер жаңа талаптар аясында тілдік біліктілікті растайтын сертификаттардың, жарияланымдардың (соның ішінде Scopus базасындағы мақалалардың) маңыздылығына ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сонымен қатар, үміткерлерге қойылатын талаптар пысықталып, іріктеу кезеңдеріне қатысты толық шолу жасалды.


