2026 жылғы 24 ақпанда «Жылжымалы құрам» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.У. Утепова «Локомотивтер» білім беру бағдарламасының студенттеріне (Л-22-1,2 топтары) «Локомотивтерді жөндеу технологиясы» пәнінен емтихан өткізді.
Емтиханның ерекшелігі — білім алушыларға теорияны өндіріспен ұштастыратын арнайы кейс-тапсырмалар ұсынылды. Бұл тапсырмалар локомотивтердің техникалық күйін бағалауға, ақауларды анықтауға және жөндеу процесін оңтайландыруға бағытталған.
Кейс-оқытудың негізгі мақсаттары:
-
Локомотив тораптарының (дизель, тартым қозғалтқыштары, арбашықтар) тозуын диагностикалау;
-
Ақауларды жоюдың оңтайлы технологиялық процестерін таңдау;
-
Жөндеу сапасын арттырудың инженерлік шешімдерін өз бетінше іздеу.
Студенттер өз шешімдерін презентация және 3D-бейнежазбалар форматында қорғап, есептеу әдістерін дәлелдеді. Бұл жұмыс болашақ инженерлерге техникалық қауіпсіздік пен кәсіби жауапкершіліктің Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Тәжірибеге бағдарланған бұл әдіс студенттердің инженерлік ойлау қабілетін қалыптастыруда жоғары тиімділігін көрсетті.


