Select Page

2026 жылғы 8–9 сәуір аралығында Астана қаласында Орталық Азиядағы Корольдік логистика және көлік институтының (CILT Central Asia) ұйымдастыруымен Youth Logistics Forum-2026 өтті. Айтулы іс-шараға М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің студенттері — Булатова Анастасия, Шойбеков Жасулан және Исламова Алина қатысты.

Форум аясында команда «Жасыл логистика және энергия тиімділігі. Құрғақ порттарды трансформациялау және экологиялық энергияға тұрақты хабтар» тақырыбында инновациялық жоба ұсынды.

Байқаудың бірінші кезеңі — жобаны қорғау бойынша ALT командасы көшбасшы атанды. Қазылар алқасы студенттердің аналитикалық ойлау қабілеті мен ұсынылған шешімдердің өзектілігін жоғары бағалады. Қорытынды кезеңдегі интеллектуалдық ойын нәтижесінде жалпы орындар белгіленгенімен, біздің студенттердің кәсіби дайындығы жоғары деңгейде екені тағы бір мәрте расталды.

Бұл жетістік Университеттің логистика және көлік-коммуникация саласы үшін халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлайтын жетекші білім беру ордасы екенін дәлелдейді.

Skip to content
Приемная комиссия