Select Page

2026 жылғы 3 сәуірде Language Education кафедрасының аға оқытушысы Г.Н. Досжанова Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы №50 жалпы білім беретін мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

11-сынып оқушыларымен кездесу барысында ALT University-дегі оқу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары мен студенттік өмір туралы толық ақпарат берілді. Мектеп бітіруші түлектерге арнайы буклеттер таратылып, оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарылды. Бұл шара оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына септігін тигізеді.

Skip to content
Приемная комиссия