Select Page

Тұрақты даму мақсаттарының №17 – «Мақсаттар жолындағы серіктестік» бағыты аясында «Имсталькон» АҚ HR директоры Зауреш Кумарбековамен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу тақырыбы – «Болашақты бірге құрамыз: студенттердің Қазақстанның металл құрылыс саласы көшбасшыларымен диалогы».

Іс-шараның басты мақсаты – студенттер мен өндіріс саласының өкілдері арасындағы байланысты нығайту, жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және болашақ мансаптық дамуына жол ашу.

Кездесу барысында Зауреш Кумарбекова өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы металл құрылыс саласының даму ерекшеліктері, еңбек нарығындағы заманауи талаптар және жас мамандарға қажетті кәсіби құзыреттер туралы кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби және жеке қасиеттерді дамыту, жас мамандардың еңбек ұжымына бейімделуі, үздіксіз білім алудың маңыздылығы мен жаңа сын-қатерлерге дайын болу мәселелері талқыланды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, саладағы мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алып, тәжірибелі маманнан құнды кеңестер тыңдады.

Осындай кездесулер университет пен өндіріс орындары арасындағы әріптестікті нығайтып, білім беру жүйесі мен еңбек нарығының өзара байланысын арттыруға және бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия