Select Page

Студенттер заманауи урбанистикалық ортаны жоспарлау мен модельдеуге арналған кешенді кейс-жобаларын табысты қорғады. Жұмыстар сениор-лектор Оразбаева Д.А. жетекшілігімен орындалып, болашақ сәулетшілердің кәсіби бағдарламалық пакеттерді меңгеруі мен жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті.

Жоспарлау және аналитикалық кезең (AutoCAD):

Жобаның бірінші кезеңінде студенттер «Abc city» және «Nur-Vill» қалашықтарының мысалында қала құрылысының бас жоспарын егжей-тегжейлі әзірледі. AutoCAD ортасында қалалық инфрақұрылымның, тұрғын үй кварталдары мен қоғамдық кеңістіктердің өзара байланыс сызбалары орындалды. Бұл кезеңде қала құрылысының нормаларына сәйкес функционалдық аймақтарға бөлу, көлік және жаяу жүргіншілер жолдарының тиімді логистикасы есептелді.

Көлемдік-кеңістіктік модельдеу (Макеттеу):

Жобаның қорытынды кезеңі — қалашықтың физикалық макетін жасау болды. Студенттер өз сызбаларын материалдық нысанға айналдыра отырып, композициялық тепе-теңдікті, ғимараттардың ауқымдылығын және сәулеттік ансамбльдің тұтастығын көрсетті. Макет арқылы қаланы дұрыс жобалаудың маңызы, инженерлік желілердің байланысы және жасалған ортаның тұрғындардың өмір сүру сапасына әсері визуалды түрде дәлелденді.

Қорытынды және практикалық маңызы:

«Abc city» жәіне «Nur-Vill» – жай ғана макет емес, болашақта тиімді әрі жайлы қалалық ортаны дамытуға бағытталған үлгілік жоба. Ұсынылған модельдерді кейіннен цифрлық анимациямен толықтырып, ақылды қала (Smart City) концепциясына дейін тереңдетуге болады. Студенттердің жұмыстары практикалық бағыттылығы мен орындалу сапасы үшін жоғары бағаға ие болды.

Skip to content
Приемная комиссия