2022 жылғы» 09 » желтоқсанда Логистика және Көлік Академиясында жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша жыл сайынғы – университет студенттері мен түлектеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкес-Job Fair» өтті.
Бос орындар жәрмеңкесі, ең алдымен, Академияның кез-келген студенті немесе түлегі оны қызықтыратын жұмыс берушілермен тікелей сөйлесе алатын орын болды. Бірнеше жұмыс берушілермен кездесіп, сұрақтар қойып, студенттер білім беру бағдарламасы бойынша еңбек нарығының толық бейнесін жасай алды. Сонымен қатар, Бос орындар жәрмеңкесі аясында мастер-класстар ұйымдастырылды, олар тыңдаушыларға көлік-логистика саласының жетекші компанияларында одан әрі жұмысқа орналасу үшін пайдалы болды.
Қатысушылар қатарында «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ, «Eurasian Resources Group» компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ЦАТЭК» АҚ, «КаР – Тел» ЖШС, «Алматыэлектротранс» ЖШС, «Шыңғар Транс» ЖШС, «Atasu Logistics» ЖШС өкілдері болды, «Elim consulting»ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «Zhebe Logistics» ЖШС , сондай-ақ көлік қауіпсіздігін және ақпараттық технологияларды қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерін өндірушілер, рекрутингтік ұйымдар, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ зерттеу институттары болды.
Бос орындар жәрмеңкесіне оқу орнының 450-ден астам студенттері мен түлектері келіп, сауалнамаларды толтырып, ізденушілердің түйіндемелерін кәсіпорын стендтерінде қалдыра алды.