Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында Логистика және көлік академиясы мен Чанъань университеті арасында 2 сәуірде дөңгелек үстел форматында кездесу өтті. Талқылаудың басты тақырыптары 2024 жылға арналған «Қытай мен Орталық Азияның бес елінің көлік инфрақұрылымын салу саласындағы таланттарды даярлау жөніндегі» Альянсының жоспарлары, сондай-ақ «Көлік логистикасы» бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беруді әзірлеу және енгізу болды.
Өзара іс-қимылдың маңызды аспектілерінің бірі тәжірибе мен білімді байытуға ықпал ететін профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдардың алмасуы болды.
Сонымен қатар, тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобасы үшін гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінім дайындауды талқылады.
Серіктестікті нығайту мақсатында Чанъань университеті Логистика және көлік академиясын 2024 жылдың қараша айында өтетін World Convention of Transport-қа қатысуға шақырды.
2024 жылдың қазан айына жоспарланған Чанъань университеті қаржыландыратын магистранттардың тағылымдамасы туралы ұсыныс қаралды. Бұл студенттерге халықаралық білім беру ортасына енуге және зерттелетін мамандық бойынша құнды тәжірибе жинауға бірегей мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар екі оқу ұйымының да көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және жоғары білімді дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.