Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Қазақ спорт және туризм академиясында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
ALT Университетінің студенттері университет намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті!
Қыздар арасында І орын — Садуахас Аңсар, РЭТ-23-2 тобының студенті.
Ұлдар арасында ІІІ орын — Қанат Жантөре, IT-ЭЭ-25-2к тобының студенті.
Жеңімпаздарымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жеңістер мен биік белестерге жете берулеріне тілектеспіз!


