Select Page

2026 жылдың 4 ақпанында «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Ө. Қалқабаева «Климаттың өзгеруімен күресу» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Шара БҰҰ-ның №13 Тұрақты даму мақсаты (Климаттың өзгеруіне қарсы күрес) аясында ұйымдастырылды.

Сабақтың негізгі мақсаты — студенттердің климаттың өзгеруі, оның себептері мен салдары туралы түсінігін қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті тәрбиелеу болды. Антропогендік факторлардың планетадағы тіршілікке тигізетін әсері жан-жақты талқыланды.

Skip to content
Приемная комиссия