БҰҰ-ның жаһандық бастамалары – ЦУР №2 «Аштықты жою» және ЦУР №3 «Салауатты өмір және әл-ауқат» аясында Тіркеу кеңсесі университет студенттері мен қызметкерлеріне арналған ұлттық өнімдерден дәм тату іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
- дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттау;
- табиғи өнімдердің пайдасын атап өту арқылы ұжымның денсаулығын нығайту;
- өнімдердің экологиялық тазалығына назар аудара отырып, тұрақты даму құндылықтарын ілгерілету.


