Қазақ халық даналығы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» 31 мамырда М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде «денсаулық күні» өткізілді, оған 100-ден астам профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты. Іс-шара жеңіл дене қыздырудан басталып, қызықты ашық ойындармен жалғасты. «Weekend» жұмыс күнінің ортасында университет қызметкерлері арасында жағымды эмоциялар қалдырды. Спорттық іс-шараға қатысушылар болашақта осындай акцияларды асыға күтетінін баяндады.