Select Page

2026 жылғы 2 наурызда ALT Университет имени Мухаметжана Тынышпаева оқу корпусында «Деструктивті мінез-құлықтың алдын алу: “Ресурста өмір сүр: негативпен қалай күресуге және өзіңді қалай сақтауға болады”» тақырыбында тренинг өтті.

Іс-шараны Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Дария Рахималиевна Шабденова өткізді.

Тренингке 50 студент қатысты. Интерактивті форматта өткен жұмыс барысында қатысушылар:

  • эмоционалдық күйзеліс пен деструктивті мінез-құлық белгілерін тануды;
  • стресс пен жағымсыз эмоцияларды басқару тәсілдерін;
  • психологиялық тұрақтылық пен жеке ресурстарды дамыту жолдарын;
  • өзін-өзі реттеу және психологиялық саулықты сақтау дағдыларын меңгерді.

Тренинг барысында психоақпараттық бөлім, тәжірибелік жаттығулар, ресурс жағдайын қалпына келтіру техникалары және өмірлік жағдайларды талқылау өткізілді.

Мұндай іс-шаралар білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың психикалық денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қолдауға бағытталған:

  • ЦУР 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат
  • ЦУР 4: Сапалы білім
  • ЦУР 10: Теңсіздікті азайту

Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.

Skip to content
Приемная комиссия