2026 жылдың 19 наурызында ALT Университетінде «Digital Nauryz 2026, Наурызнама» аясында Энергетика және сандық технологиялар институтының студенттері мен қызметкерлері қалалық деңгейдегі экологиялық акцияға қатысты.
Институт ұжымы №4 жатақхана алдындағы аумақты абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді:
-
Ағаштар ақталды;
-
Қоршаулар мен решеткалар боялды;
-
Аумақ толықтай қоқыстан тазартылды.
Бұл шара БҰҰ-ның ТДМ №13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және ТДМ №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарын іске асыру шеңберінде өтті. Бастама студенттер мен қызметкерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қала тазалығын сақтауға және тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға бағытталған.


