Академияның бекітілген кестесі бойынша 11.04.2023-14.04.2023 күндері аралығында біздің қызметкерлер мен оқытушылар үшін Documentolog және Doculite электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесі бойынша оқытудан өтті. Оқу барысында олар жүйені қалай пайдалану керектігін егжей-тегжейлі түсінді, сонымен қатар қызметкерлерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар болды. Негізгі маңызды басымдық талапкерлердің, білім алушылардың шарттарын, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек шарттарын жасауда болды. Академиялық қызмет, ғылым, корпоративтік және әлеуметтік даму, қаржыландыру бөлімшелері, кадрлар және Заң қызметі бөлімі семинарларға белсенді қатысып, Documentolog және doculite ЭҚЖЖ пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Барлық әріптестерімізге алғыс айтамыз, сондай-ақ біздің барлық қызметкерлеріміз Documentolog ЭҚЖЖ-ға қосылғанын хабарлаймыз.