Select Page

Өткізілген күні: 2024 жылғы 17 сәуір
Ұйымдастырушы: PhD докторы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының ассистент профессоры Жұмабай Мәдібайұлы
Тақырып: Акустикалық диагностиканың математикалық модельдері

2024 жылғы 17 сәуірде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасында «Акустикалық диагностиканың математикалық модельдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны PhD докторы, ассистент профессор Жұмабай Мәдібайұлы ұйымдастырды.

Кездесуге құрметті қонақ, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Балтабек Кангужин қатысып, баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге сондай-ақ ALT Университетінің Президент-Ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Нурадиловна Амиргалиева, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.

Приемная комиссия