Select Page

6В07121 – Электроэнергетика білім беру бағдарламасының білім алушыларының бейіндік пәндер бойынша практикалық дағдыларын арттыру үшін Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалының кәсіпорындар базасында «Энергетика» кафедрасының филиалы құрылды және жұмыс істейді. Осы кәсіпорындардың негізінде нақты өндірістік жағдайларда практикалық сабақтар, сондай-ақ төменгі курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиялары өткізіледі.

Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы полигоны базасында Дуальды білім беру элементтерін енгізу мақсатында Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Н.М. Мамырбеков және Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Т.К. Жансеитов 3 курс студенттері үшін «Электрмен жабдықтау» және «Электротехникалық материалтану» пәндері бойынша сабақтар өткізеді.

Приемная комиссия