2026 жылғы 09 сәуір күні Университеттің кітапхана-ақпараттық орталығы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен және «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Дүниежүзілік кітап күні: оқу мәдениетін және авторлық құқықты дамыту» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бұл іс-шара оқу мәдениетін қалыптастыруға, зияткерлік меншікке құрметпен қарауға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 — Сапалы білім бағыты аясында кітапты насихаттауға бағытталған.
Кітап көрмесіне Қазақстанның танымал баспалары қатысты:
— «Qasym»
— «Марфу»
— «Отбасы хрестоматиясы»
— «Арман-ПВ»


