Бүгін эдвайзер-кураторлармен өткен өнімді кездесу барысында біз студенттерді қаржылық сауаттылыққа үйрету мақсатында қаржы саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған жұмыстарды талқыладық.
Шақырылған спикер: Қаржы сарапшысы әрі табысты кәсіпкер Көбейсіно Балтабай.
Кездесу барысында біз:
Жеке қаржыны басқарудың негізгі принциптерін студенттерге түсіндіру жолдарын қарастырдық.
Бюджет жоспарлаудағы қателіктер мен олардан қалай сақтану керектігін талқыладық.
Студенттер үшін қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге арналған практикалық кеңестермен бөлістік.
Бұл неге маңызды?
Қаржылық сауаттылық жастарға дұрыс қаржы шешімдерін қабылдауды, болашаққа сенімді жоспар жасауға мүмкіндік береді және кез келген жағдайға дайын болуға үйретеді.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, қызықты сұрақтары мен тәжірибе алмасулары үшін алғыс білдіреміз! Бірге студенттерді қаржылық тұрғыдан тұрақты және саналы болашаққа тәрбиелеуде маңызды қадамдар жасаудамыз.