2025 жылғы 17 қыркүйекте Мухамеджан Тынышбаев атындағы «ALT Университеті» АҚ (мекенжайы: Шевченко көшесі, 97) конференц-залында Орталық Азия Психоанализ институтының директоры, психоаналитик, PhD Анна Кудиярованың қатысуымен «Эдвайзерлердің жұмысы арқылы суицидтің алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуде М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің психологы Шабденова Дария Рахималқызы белсенді атсалысты.
Кездесу барысында университет эдвайзерлері студенттердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған тәжірибелік жаттығулар мен стратегияларды алды.
