Select Page

“Экосана” тақырыбындағы ЭкоЧеллендждің қорытындысын қуана жариялаймыз!

Біз студенттердің белсенділігіне, идеяларының ерекшелігіне және әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген шынайы ұмтылысына шын мәнінде шабыттандық. ALT University студенттері тағы да өздерінің саналы әрі экологиялық тұрғыдан жауапты әрекет етуге дайын буын екендіктерін дәлелдеді! 

Челлендж бакалавриаттың АБ білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар арасында өткізілді.

Челлендж тапсырмалары Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей байланысты болғанын ерекше атап өткіміз келеді. Атап айтқанда, ТДМ 13 (Климаттың өзгеруіне қарсы күрес), ТДМ 12 (Жауапты тұтыну), ТДМ 6 (Таза су және санитария) және ТДМ 15 (Құрлық экожүйелерін сақтау) сияқты маңызды бағыттар қамтылды.

Челленджді ұйымдастырып, өткізген АУ кафедрасының сениор-лекторы Әбуғазы Асылзат Шарапатқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Оның студенттер арасында экологиялық жауапкершілікке негізделген ой қалыптастыруға деген ұмтылысы зор құрметке лайық.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!  Экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлестеріңіз шабыт береді!

Skip to content
Приемная комиссия