24 қазан күні Республика күніне арналған «Елдік пен еркіндік әні» атты салтанатты мерекелік концерт өтті.
Бұл күн – тәуелсіздік рухын ұлықтап, елдік пен бірліктің қадірін сезінетін ұлы мереке!
Салтанатты шара барысында университетіміздің дамуына және білім беру ісіне сүбелі үлес қосқан қызметкерлеріміз мемлекеттік және салалық марапаттармен марапатталды:
Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі,
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы,
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының Алғыс хаты,
М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті Басқарма төрайымы–Ректорының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік кештің шырайын университетіміздің өнерпаз жастары кіргізді. Көрермендер «Арт Домбыра» ансамблінің әуезді күйіне, «Ultimatum» би тобының әсерлі биіне тәнті болды. Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұжымы да өз өнерін паш етіп, көрермендерге ерекше рух пен патриоттық сезім сыйлады.
Бұл кеш – еліміздің еңсесін асқақтатқан, егемендіктің мәнін ұғындырған, бірлік пен ынтымақты дәріптеген рухани мереке болды!


