📅 2025 жылғы 22 сәуірде энергетика кафедрасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) №4 – Сапалы білім беру және №7 – Баршаға қолжетімді және таза энергия аясында студенттердің ғылыми және шығармашылық жұмыстары бойынша жыл сайынғы байқау өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ғылыми ойлауды ынталандыру, электротехниканың теориясына деген қызығушылықты арттыру және тұрақты энергетика саласында инновациялық шешімдерді енгізу.
Байқауға 6В07121 – Электроэнергетика, 6В07188 – IT-Энергетика, 6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6В06208 – Теміржол байланыс желілерінің телекоммуникациялық жүйелері мен желілері, 6В07120 – Автоматтандыру және басқару Білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, практикалық тапсырмаларды сәтті орындап, «Қолжетімді және таза энергия: тұрақты даму үшін теориялық электротехниканың рөлі» тақырыбында эссе жазды.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇 1 орын – Ғабитқызы Альбина, ЭЭ-23-1к тобы
🥈 2 орын – Раис Елдос, ЭЭ-23-4к тобы
🥉 3 орын – Даукенов Ерасыл, ЭЭ-23-2к тобы
🎓 Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
📌 Ұйымдастыру комитеті «М.Тынышпаев атындағы ALT университеті» басшылығына осы іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен қаржылық және жан-жақты қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Университеттің қолдауының арқасында бұл байқау студенттер өміріндегі маңызды оқиғаға айналды және болашақ мамандардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етті.
👏 Сонымен қатар, қазылар алқасына, оқытушыларға және барлық қатысушыларға тұрақты даму тақырыбына көрсеткен жоғары қызығушылығы мен белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.