ALT Университетінде электротехника саласының маңыздылығын арттыру және студенттердің ғылыми-теориялық білімдерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 9 сәуір күні «Ғылым және инновациялар» айы аясында, ТДМ №4 «Сапалы білім» және ТДМ №7 «Таза және қолжетімді энергия» мақсаттарына сәйкес 6В07188 «IT Энергетика» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушылары арасында «Электротехника және тұрақты даму: тиімді энергетикалық жүйелердің теориялық негіздері» атты байқау өткізілді.
Байқау барысында қатысушылар электротехниканың теориялық негіздерін тұрақты даму қағидаларымен ұштастыра отырып, тиімді энергетикалық жүйелерді дамыту бағытындағы білімдерін көрсетті.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын, инженерлік ойлау қабілеттерін және заманауи энергетикалық мәселелерге деген жаңашыл көзқарастарын танытты.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇 I орын – Марат Ақерке (IT-ЭЭ-24-5к)
🥈 II орын – Ерікқызы Іңкәр (IT-ЭЭ-24-6к)
🥉 III орын – Тәсібек Ділназ (IT-ЭЭ-24-5к)
Бұл іс-шара студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға, кәсіби құзыреттілігін дамытуға және тұрақты энергетика саласына қызығушылығын күшейтуге үлкен мүмкіндік берді.
👩🏫 Ұйымдастырушылар:
«Энергетика» кафедрасының оқытушылары:
сениор-лектор Койшибаева Куланда Жумахановна,
ассистент-оқытушы Сеитбек Ерлан Ержанұлы


