ОДМ бағдарламасы (орнықты даму мақсаттары) шеңберінде 2024 жылғы 17 сәуірде логистика және көлік академиясында 8D07160 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Асқарұлы Мұхит Латвияда өткен ғылыми тағылымдаманың қорытындысы бойынша «энергия тиімділігі. Латвия тәжірибесі». Семинарда білім беру үдерісіндегі орнықты даму мақсаттарын табысты іске асыру тәжірибесімен, жаңартылатын энергия көздері секторындағы жаңа реформалар мен жобаларды іске асырудың Еуропалық тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға «Энергетика» кафедрасының ПОҚ, Электр энергетикасы және IT Энергетика ББ студенттері қатысты.
Асқарұлы М.қатысушыларды Рига техникалық университетінің «Энергетика және экологиялық технологиялар» факультетінің қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасының және Рига энергетикалық агенттігінің іске асырылып жатқан бағдарламаларының артықшылықтарымен таныстырды.
Студенттер Futurimo Riga орталығында жүзеге асырылатын STEM балалар техникалық университетінің бағыты бойынша кәсіби бағдар берудегі инновацияларға қызығушылық танытты. Іс-шара соңында білім алушылармен халықаралық тағылымдамалар мен түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндіктері қаралды.
Естеріңізге сала кетейік, Асқарұлы Мұхит Еуропалық Одақтың «ЕО-ның Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстарын қолдау» жобасы (SECCA жобасы) аясында Тұрақты энергетика тақырыбындағы байқаудың жеңімпазы атанды. 26.11.2023-02.12.2023 аралығында Латвияда SECCA ұйымдастырған Тұрақты энергетикалық байланыстар бойынша оқу-таныстыру іс-шарасына қатысты.