Select Page

2026 жылғы 25 қарашада ағылшын тілі бойынша оқу сабақтары шеңберінде сениор-лектор М. М. Шайжанова эдвайзерлер А. Хамитқызы және И. Қасымовамен бірлесіп, Инженерия мектебінің білім алушылары үшін тілдік дағдыларды дамытуға және инженерия және тұрақты даму саласындағы білімді кеңейтуге бағытталған «SDG Engineering Quiz» зияткерлік ойыны өткізілді.

Ойын барысында студенттер интерактивті тапсырмаларды орындады, сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берді, кәсіби лексика, логикалық ойлау және топтық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Іс-шара ағылшын тілін үйренуге деген ынтаны арттыруға және инновациялық инженерлік шешімдерге қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында жалпы талқылау өтті, оның барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісті, тұрақты даму мақсаттарының маңыздылығын және оларға қол жеткізудегі инженерлік шешімдердің рөлін талқылады.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігі:

ТДМ 4-Сапалы білім;

ТДМ 9-Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым.

Skip to content
Приемная комиссия