Ағымдағы жылдың 15-19 мамыры аралығында Академиямызда «Еріктілер апталығы» өтті. «Еріктілер апталығының» басты мақсаты азаматтыққа, патриоттыққа баулу, ұйымшыл, белсенді еріктілер командасын қалыптастыру болды. Сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу және еңбекке, оқуға, өмірге шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.
Шараға 1000-нан астам бірінші курс студенттері қатысты. Еріктілер түрлі жұмыстар атқарды. Соның ішінде: Академия мұрағатының жұмысына көмектесу, түрлі акциялар – «Бауырларымызға көмектесейік», қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, «Кішкентай балаларға күлкі сыйла», «Жасыл академия», «Махаббатпен кітап сыйла». Және қала көшелері мен алаңдарын тазалау бойынша сенбіліктерге қатысты. Еріктілік қызмет студенттердің өміріне ұмытылмас сәттер, эмоциялар мен тамаша тәжірибелер әкелді. «Еріктілер апталығы» призмасы арқылы студенттер қарым-қатынас және әлеуметтік дағдыларды дамыта алды, дүниетанымын кеңейте алды, адамдарға көмектесті. «Еріктілік өмірді жарқын етеді және күлкі мен ұмытылмас әсерлер әкеледі, көптеген күлкілі және қызықты сәттер атап өтілді, ерекше және атмосфералық, олар менімен өмір бойы қалады; тәжірибе мен жаңа достар береді, мүмкіндіктер мен ішкі тыныштықты кеңейтеді»: – деп қуанышпен бөлісті Академия студенттері.