Select Page

2026 жылғы 20 қаңтар күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары үшін Халықаралық еріктілер жылы аясында мазмұнды митап-кездесу өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — еріктілер қозғалысының маңызын арттыру, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы жастардың рөлін айқындау және алдағы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында қатысушылар еріктіліктің қоғамдағы орны, жастар бастамаларын қолдау, әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру тақырыптарында өзара пікір алмасты.

Бұл мазмұнды кездесуге университетіміздің белсенді студенттері де қатысып, еріктілік саласындағы өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Студенттер үшін бұл шара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен танысуға және болашақ әлеуметтік жобаларға шабыт алуға үлкен мүмкіндік болды.

Митап нәтижесінде еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған тың бастамалар көтеріліп, алдағы бірлескен жұмыстардың бағыттары айқындалды. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

Skip to content
Приемная комиссия