Select Page

2025 жылғы 12 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық турнир ұйымдастырылды. Турнир аясында еркін күрестен жарыс өткізіліп, аталған салмақтар бойынша спорттық шеберлігі мен күш-жігері жоғары үздік балуандар анықталды.

Жарыс барысында қатысушылар төзімділік, күш-қуат және техникалық дайындық деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Еркін күрес сайысы студенттердің физикалық дайындығын арттыруға, ерік-жігерін шыңдауға, сондай-ақ патриоттық рух пен салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосты.

Аталған іс-шара жастардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын және ALT Университетінде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айқындады.

Жарыстың нәтижелері:

60 келі салмақта:

I орын: Қасымбеков Кенжебек, М 25-4к (ТиС)

II орын: Турсунов Чингиз, 9-Л-25Р-8р (АКАЛиТ)

III орын: Асқаров Рустам, 9-Л-25Р-8р (АКАЛиТ)

65 келі салмақта:

I орын: Ормаш Нұр, 9-Л-25Р-3к (АКАЛиТ)

II орын: Сапиев Рауль, 9-Л-25Р-8р (АКАЛиТ)

III орын: Айдарұлы Арнур, М 25-5к (ТиС)

+75+ келі салмақта:

I орын: Акимбаев Мансур, ИПС 25-3к (ТиС)

II орын: Смағұл Нұрали, САДА 25-7р (ТиС)

III орын: Камидулла Данияр, САДА 25-7р (ТиС)

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және салауатты өмір салтын ұстану арқылы өз денсаулықтарыңызды нығайтуға шақырамыз!

Skip to content
Приемная комиссия