«Автоматтандыру және басқару» және «Телекоммуникациялық жүйелер» мамандығының 2-курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды. Студенттер назарына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен өшпес ерлігіне арналған «Әлия» мюзиклі ұсынылды.
Қойылым батыр қыздың балалық шағынан бастап, майдандағы қаһармандық жолына дейінгі кезеңдерді музыкалық тілмен әсерлі жеткізді. Актерлердің шебер ойыны мен соғыстың қатал шындығы бейнеленген көріністер жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, тарихқа деген құрметті нығайтты.
Бұл мәдени іс-шара студенттердің рухани дамуына ықпал етіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен бейбітшіліктің қадірін тағы бір мәрте ұғынуға мүмкіндік берді.


